ҚАЗАҚСТАН ЖОЛ САПАСЫМЕН ӘЗІРГЕ МАҚТАНА АЛМАЙДЫ

Жуырда energyprom.kz. порталы жолдарының сапасы жағынан үздік елдер рейтингісін жариялады. Адам өмірін жақсарта түсуде маңызды критерий болып табылатын жол сапасы сараланған рейтингте Қазақстан 141 елдің ішінен 93 орыннан көрінген.
Жолдар сапасы жеті балдық шкала бойынша бағаланған рейтингте үздік үштікке Сингапур, Нидерланды және Швейцария елдері енген. Ондықты Гонконг, Жапония, Австрия, БАӘ, Португалия, Оңтүстік Корея және Испания елдері түйіндеген.
Рейтингті жасауда сарапшылар барлық территория аумағындағы асфальт жабындыларының сапасына көп мән берген.
Жолдарының сапасы жағынан Қазақстан Ресей, Қырғызстан, Украина сынды елдерді артқа тастаған.
Биыл елімізде қаңтар-қазан айларында транспорт және жинақтау саласына 959,5 млрд. теңге инвестиция салынған. Бұл былтырмен салыстырғанда 9 пайызға көп. Инвестицияның басым бөлігі Ақтөбе (119,9 млрд), Түркістан (96,9), Алматы (92,8), Қарағанды (82,9) облыстарына тиесілі. Республиканың үш мегаполисі Нұр-Сұлтан қаласына 76,4, Алматы қаласына 69,4, Шымкентке 49,1 млрд. теңге инвестиция бағытталған.

М. ӘБДІРАЙЫМ.