ҚОРҒАНУ МАСКАЛАРЫН КІМ ЖӘНЕ ҚАЙДА КИЮ КЕРЕК?

Қауіпті індеттен қорғанудың бірден-бір жолы маска тағу. Масканың қызметі адам жөтелгенде, түшкіргенде пайда болатын ылғал тамшыларын ұстап қалу.

Сол ылғал тамшыларында тұмау ауруының қоздырғышымен бірге COVID-19 вирусының болуы да әбден мүмкін. Сондықтан маска тағып жүруді тұрмыстық мәдениетке айналдырып, өзіңіздің және өзгенің денсаулығына жауапкершілікпен қарау қажет.

Қазіргі пандемия кезеңінде қоғамдық көлікте, адамдар көп шоғырланған жерде, кеңселерде, қоғамдық орындарда, вирус жұқтырған адамдармен байланыс кезінде бетперденің болуы міндетті. Өршіп тұрған індетті жұқтырмас үшін маска тағып жүру жеткіліксіз. Ауру жұқтырмаудың бұл профилактикалық шарасы қол тигізбеу, қолды жиі жуу, антисептикалық спрейлермен өңдеу және заттарды дезинфекциялау кезінде ғана тиімді болатынын білген абзал.