ТҮЛКІБАСТА ЖЕТПІС ШАҚЫРЫМҒА ЖУЫҚ ЖОЛ ЖӨНДЕЛУДЕ

 

Осы жылы Түркістан облысы, Түлкібас ауданында 54 жолға күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Оның ішінде 6 жол күрделі, 49 жол орташа жөндеуден өтеді.

Бұл жолдардың жалпы ұзындығы 67,88 шақырымды құрайды. Оның ішінде 36 шақырымға жалғасқан 35 көше «Ауыл – ел бесігі» жобасы бойынша орташа және күрделі жөндеуден өтетін болады. Нысандардағы жөндеу жұмыстары осы жылдың қыркүйек-қазан айларында толық аяқталады. Қазіргі таңда бұл жолдардың 11 шақырымынан астамы пайдалануға берілген.

Бұдан бөлек, ауданда «2020-2021 жылдарға арналған жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 6 жоба жүзеге асуда. Олардың 3-уі жергілікті мектептерді күрделі жөндеуден өткізу болса, қалғаны инженерлік инфрақұрылымдық жүйелерді дамыту мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жұмыстарын жандандыру болып табылады. Аталған бағдарлама аясында қолға алынған әртүрлі бағыттағы құрылыс жұмыстарына 133 адам жұмылдырылды. Оның ішінде 70 адам аудан тұрғындары болып табылады. Осылайша елімізде орын алған карантин режимі кезінде уақытша жұмыссыз қалған аудан тұрғындарына уақытша жұмыс көзі пайда болуда.