АЛДЫҢҒЫ ШЕПТЕ 2000 МЕДИЦИНА МАМАНЫ ЖҮР
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың коронавируспен күресіп жатқан медицина қызметкерлерін ынталандыру туралы тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысында 1994 дәрігер үстеме ақы алды.
Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. COVID-19 инфекциясымен күресте аянбай еңбек етіп жүрген мамандар жұмыс қауіптілігіне қарай 3 топқа бөлінгені белгілі.
Осыған орай Түркістан облысында тәуекелдің бірінші тобына кіретін, дәлірегі, өте қауіпті жағдайда жұмыс істейтін 27 қызметкер енді. Екінші санат қауіптілігіндегі дәрігерлер мен фельдшерлер саны 337 болса, үшінші топтағы мамандар саны 1630 қызметкерге жетті.
Бүгінде олардың барлығына үстеме ақы төленген.