ҚҰЖАТТАР ҚАШЫҚТЫҚТАН ҚАБЫЛДАНАДЫ

Қазіргі таңда елімізде жарияланған төтенше жағдай режимін орындау мен санитарлық нормаларды сақтау індетті асқындырмаудың ең басты жолына айналып отыр. Осыған орай Шымкент қалалық жұмыспен қамту орталығы ағымдағы жылдың 26-наурызынан бастап қашықтықтан жұмыс істеу тәртібіне көшкен болатын. Соның негізінде мекеме қызметкерлері тұрғындардың арыз-шағымдарын, сауалдары мен өтініш-тілектерін 87023842118 байланыс телефоны бойынша WhatsApp желісі арқылы жолдауы жолға қойылды.

 

Қалалық жұмыспен қамту орталығы қашықтықтан жұмыс жүргізу тәртібі енгізілген 26-наурыздан бастап 30-наурызға дейін 1800-ден астам азаматқа онлайн қызмет көрсеткен. Атап айтқанда, қабылданған құжаттар саны — 49, электронды таратылған хабарламалар-133, телефон арқылы берілген ақпараттар – 1663-ке жеткен.

Бұл туралы Шымкент қалалық жұмыспен қамту орталығының баспасөз қызметі хабарлайды.

Бұдан бөлек, қала тұрғындары 87023842118 байланыс телефоны бойынша WhatsApp желісіне жұмыспен қамту, әлеуметтік көмек (АӘК) және кәсіптік оқыту мәселелері бойынша сауалдары мен арыз-шағымдарын жолдай алатынын ескертеміз. Ал байланыстың бұл түрімен қажетті ақпаратқа қол жеткізе алмасаңыз өз ауданыңыз бойынша төменде көрсетілген байланыс нөмірлеріне хабарласып, жауапты мамандарға мәселеңізді айтып, сұрақтарыңызды қоя аласыздар.

Абай ауданы бойынша:

Жұмыспен қамту – 87028188009 Асылбек Қабылбек,

Атаулы әлеуметтік көмек – 87751567636 Айжан Досыбаева.

Еңбекші ауданы бойынша:

Жұмыспен қамту – 87776028841 Ордабаева Дария,

Атаулы әлеуметтік көмек — 87029628816 Амангелді Қонарбай.

Әл-Фараби ауданы бойынша:

Жұмыспен қамту – 87761764040 Сапаров Қайсар,

Атаулы әлеуметтік көмек – 87756518689 Даулетов Зухриддин.

Қаратау ауданы бойынша:

Жұмыспен қамту

87752141188 Акжолов Жанболат,

8702 662 34 70 Ақбілек,

8775 409 36 16 Ербол,

8778 535 24 95 Баян,

Атаулы әлеуметтік көмек – 87085666244 Шонықбай Абай.