ШЫМКЕНТТЕ 10 МЫҢНАН АСТАМ ОТБАСЫҒА АӘК ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Шымкентте 10 241 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Оларға АӘК жаңа форматқа сәйкес беріледі.

Бұл туралы Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдейді.
Естеріңізге сала кетсек, қалада жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек бойынша құжат қабылдау ағымдағы жылдың 5-қаңтарынан басталған. Сол уақыттан бастап бүгінге дейін 15 570 отбасыдан өтініш қабылданған. Қазіргі таңда 10 241 отбасыға әлеуметтік көмек тағайындалды. Бұдан бөлек, 791 отбасы АӘК мұқтаж емес деп танылып, өтініштері кері қайтарылды.
Сонымен қатар 8 125 адамның жұмысқа жарамдылығы анықталды. Оның 7 867-сі жұмысы бар адамдар. Бүгінгі таңда 258 адам атаулы әлеуметтік көмек аясында жұмысқа орналасты.
Қала бойынша 1-ден 6 жасқа дейінгі 7 989, 6-18 жасқа дейінгі — 10 154 балаға кепілдендірілген әлеуметтік пакет тағайындалып отыр.