САРЫАҒАШ ЖӘНЕ ОРДАБАСЫ АУДАНДАРЫ ШЫРАЙЛЫ ШЫМКЕНТ ТӨРІНДЕ

Шымкентте қала әкімдігінің қолдауымен Түркістан облысымен бірлескен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өз жалғасын табуда. Таяуда шырайлы Шымкент шаһарына өз тауарларын
Сарыағаш және Ордабасы аудандары алып келді.

Жәрмеңкеге 60-тан астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысып, жалпы құны 113 миллион теңгені құрайтын 83 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері қала тұрғындарына ұсынылуда. Жәрмеңкеде ауыл шаруашылығы өнімдері нарықтағы бағадан 15-20 пайызға дейін арзан саудаланды.
Шараға арнайы келген қала әкімі Ерлан Айтаханов азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне жол берілмей, жауапты мамандардан бұл мәселені қатаң қадағалауды тапсырды.
Түркістан облысының екі ауданы шымкенттіктерге ет, сүт өнімдерімен қатар, картоп, көкөніс, жеміс-жидек пен қауын-қарбыз, болгар бұрышы, қызанақ, қияр мен жеміс шырынын және қолөнер бұйымдарын ұсынды.
Жәрмеңкеге келген шаһар тұрғындары мен қонақтары Шымкент қаласының және Сарыағаш пен Ордабасы аудандарынан келген өнер майталмандарының концерттік бағдарламаларын тамашалады.

Шымкент қаласы әкімінің
баспасөз қызметі.