ТАЗАЛЫҚТЫҢ САҚТАЛУЫ БАҚЫЛАУДА БОЛАДЫ

Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданында санитарлық талаптардың сақталуы әрдайым жергілікті биліктің назарында болады. Бұл үшін аудан 7 учаскеге бөлінген.

Әр учаскеге аудан әкімі аппаратының жауапты мамандары мен тазалау жұмыстарымен шұғылданатын мердігер мекемелер бекітілген. Егер де аудан тұрғындары иісі қолқаны қабатын үйілген күл қоқысты, санитарлық ахуалы сын көтермейтін жерлерді байқаса өздерінің аумағына бекітілген әкімдік қызметкерлеріне немесе мердігер мекемелерге байланысқа шығуына әбден болады. Бұл үшін Әл-Фараби ауданының диспетчерлік байланыс нөміріне, атап айтқанда, 54-96-54 хабарласу қажет.
Бұл туралы Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов өзінің инстаграм аккаунтында @gabit_maulenkulov хабарлаған. Сонымен қатар ол, бұл жазбасында осы бағытта қолға алынған 7 учаскенің карталық сызбасы мен оған жауапты мамандар көрсетілген суреттерді де жариялаған.

М. Әбдірайым.