ТҰЗ ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІНІҢ 100 ПАЙЫЗ АКЦИЯСЫ ЕЛ КӘСІПКЕРЛЕРІНЕ ТИЕСІЛІ

Ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айларында Қазақстанда 111,4 мың тонна тұз өндірілген. Өндірілген өнім көлемі өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 25,3% артық. Бұл туралы biznesbastau.kz сайты жазады.
Қазақстанда тұз өндіру өндірісінің 97,5 % Қызылорда облысы аумағында жүзеге асқан. Ағымдағы жылдың бес айында Сыр өңірінде 108,6 мың тонна тұз нарыққа жол тартқан. Елдің негізгі тұзды алыптары «Аралтұз» акционерік қоғамы болып табылады. Ондағы 100% акциялар қазақстандық кәсіпкерлерге тиесілі.
Бес айда өндірілген 111,4 мың тонна тұздың 2% -ы Жамбыл облысындағы «Асыл Туз» ЖШС-не, 1 пайыздан аз көрсеткіші Түркістан облысы, Созақ ауданындағы йодталған тұз өндірісіне тиесілі.
Жалпы «жердің ақ алтыны» саналатын өнім бағасы жылына 2,4 пайызға жоғарылауда екен. Қазіргі таңда Қазақстанда бұл өнімнің орташа құны бір келі үшін 52 теңгеге бағаланады. Бүгінде ең қымбат тұз Алматы қаласында сатылады. Бұл жерде өнімнің бағасы 1 келі үшін 59 т еңгеге жетеді. Ал Нұр-Сұлтан мен Қостанайда 58 теңгені құрайды.