БИЫЛ АТА-АНА ҚАМҚОРЛЫҒЫНСЫЗ ҚАЛҒАН 90 БАЛА БАСПАНАҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗЕДІ

2016-2017 жылдары жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 142 балаға мемлекеттік бағдарлама аясында үй берілген болатын.

Ал биыл олардың саны 90-баланы құрайтын болады. Бұл ақжолтай ақпарды облыс басшысы Ж. Қансейітұлы 1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Әрқашан күн сөнбесін» атты іс-шарада айтты.
Аталған іс-шараға балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан 350-ге жуық өрен қатысты. Бүгінде облыста жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 2648 бала бар болса, соның 2068-і қорғаншылық және қамқоршылыққа, 184-і патронаттық тәрбиеге өткен. 349 бала үйлерінде тәрбиеленуде.