ТӨЛЕБИ АУДАНДЫ, КӨКСӘЙЕК АУЫЛДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНДЕ ЖЫЛЖЫМАЛЫ СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ.

Үстіміздегі жылдың 22-тамыз күні қазақ тарихында мызғымас орын тапқан үш биінің бірі Қазыбек бидің ауданы, Көксәйек ауылдық мәдениет үйінде мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бекітілген жылдық жұмыс жоспарына сәйкес «Халық қолөнері мен фольклорын дамыту және насихаттау» атты жылжымалы семинар-кеңес өтті.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар; рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында өткен семинардың бағдарламасына сәйкес жиынға қатысушылар Көксәйек ауылдық мәдениет үйінің іс-құжаттарымен және қолөнер бұйымдарымен танысып, аталмыш мәдениет үйінің директоры М.Өтелбаев 2018 жылдың 7 айында атқарған жұмыстарымен таныстырып, және де алға қойған жоспарлар мен мақсаттары жайында баяндама жасады. Негізгі тақырып бойынша семинарға қатысушылар қазақ халқының ұрпақ тәрбиелеу дәстүрі отбасындағы еңбек тәрбиесіне негізделіп, кәсіп пен өнердің түрлері олар үшін күнкөріс көзі ғана емес, рухани қажеттілік тәрбие құралы да болғанын, ұрпақ тәрбиесінде де осы салт-дәстүрлерді дамыту маңызды деп өз ой-пікірлерін ортаға салып, түрлі жаңа бағытта тың ұсыныстарын айтып, пікірлерін білдірді.