ЖЕТІСАЙЛЫҚ МАМАНДАР МАҢЫЗДЫ ТАҚЫРЫПТЫ ҚОЗҒАДЫ

Лудоманияның пайда болуына түрлі факторлар ықпал етуі мүмкін. Олардың ішінде психологиялық, биологиялық және әлеуметтік факторлар ерекше орын алады. Психологиялық факторлар ретінде адамның эмоционалды тұрақсыздығы, стресс, өзін-өзі төмен бағалау сияқты мәселелерді атауға болады. Ойын арқылы адам шынайы өмірдегі қиындықтардан қашып, уақытша босаңсу мен рахаттану сезіміне бөленуге тырысады. Сондықтан оған тәуелді болатындардың қатары қалың. Сол себепті де елімізде аталған түйткілмен күрес шаралары қарқынды жүргізіліп жатыр.

Осы орайда, Түркістан облысы, Жетісай ауданының білім бөліміне қарасты Ғ.Мұратбаев атындағы №61 жалпы білім беретін мектеп» КММ-де «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» негізінде жасалған тәрбие жұмыстарын жүргізу барысында 2024 жылы 8 қараша күні 9-11 сынып оқушыларының қатысуымен кездесу ұйымдастырылып, өткізілді. Кездесуге Жетісай ауданы әкімдігі «Жастар ресурстық орталығы КММ-нің психологы Жазира Қайратқызы, «Отбасын қолдау орталығының» психологы Ерубай Ақерке Дәулетбекқызы, Асықата ауруханасына қарасты Мақталы емханасының психологы Жүнисбекова Ләззат Намазқызы қатысып, мектеп оқушыларына кибербуллинг, лудомания, суицид, қауіпсіз интернет ортасын құру және кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің құқықбұзушылығының алдын алу, оны болдырмау бойынша құнды ақпараттар айтып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ оқушылармен кері байланыс жасап, оқушылардың осы бүгінгі таңдағы кибербуллинг пен лудоманияның алдын алу бойынша не жасау керектігі жөнінде кеңінен мәлімет берді.
Жалпы биологиялық тұрғыдан алғанда, ойын кезінде мидың дофамин секілді бақыт гормондары бөлінеді. Бұл гормондар адамның ойынға деген тәуелділігін қалыптастырады. Әлеуметтік факторларға келетін болсақ, кейбір қоғамдарда ойындар дәстүрге айналып, әлеуметтік нормалар ретінде қабылдануы мүмкін. Сонымен қатар, қаржылық қиындықтарға тап болған адамдар лудоманияға бейім келеді, өйткені олар ойын арқылы қаржылық жағдайын жақсартуға үміттенеді. Сондықтан мұндай жиындарды жиі өткізіп, кеңінен ақпарат беру жақсы нәтижеге жеткізеді.