ЦИФРЛАНДЫРУ САЛАСЫНДА БІРҚАТАР БАСТАМАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСТЫ
Бүгінде цифрландыру қоғам өміріне дендеп еніп барады. Қоғамның сан түрлі саласы аталған жүйеге көшіп жатыр. Сәйкесінше, сандық технология дәуірінің игілігін көру үшін қажет шараларды жүзеге асыру керек. Оның қатарында сапалы интернетпен қамту мәселесі бар. Осы орайда, жуырда Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникациялық орталығында қалалық цифрландыру басқармасының басшысы Мұхит Кемелов баспасөз брифингін өткізіп, бірқатар өзекті сауалдарға жауап берді. Тарқатайық…
Басқарма басшысының айтуынша, қала әкімінің бастамасымен шалғай орналасқан елді мекендер мен шағынаудандардағы интернет сапасын мониторингтеу тапсырмасы берілген болатын. Тапсырмаға сәйкес, елді мекен мен шағынаудандарға басқарма және өңіраралық байланыс инспекциясымен мониторнгтеу жұмыстары жүргізіліп, 27 аумақта интернет сапасының төмендігі анықталған. Мониторингтеу барысында анықталған кемшіліктерді қалпына келтіру мақсатында мобилді операторлармен 14 аумаққа антенна-мачталық құрылғы орнатылып, оның 13-не базалық станция қондырылған. Өткен жылы 28 аумаққа базалық станция орнату жұмыстарын жүргізу жоспарланып, бүгінде 28 нүктеге антенна-мачталық құрылғыларды салу және олардың 7-інде монтаждау жұмыстары атқарылуда. Аталған жұмыстар 2024 жылдың бірінші жартыжылдығына дейін аяқталып 28 нүктеде мобильді интернет сапасы жоғарылайды.
Одан бөлек, «Kcell» АҚ бірлесіп, 5G технологиясымен 135 базалық станция орнатылса, 91 базалық станцияға қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Ал «Кар-Тел» ЖШС тарапынан интернет сапасы төмен 28 жерге базалық станция, 22 базалық станцияға қайта жаңғырту жұмыстары атқарылды. 2024 жылы «Кар-Тел» ЖШС-мен бірлесе 15 жерге базалық станция орнату жоспарға енгізілді. Бүгінгі таңда бос жер телімдерін анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Одан бөлек, «Kcell» АҚ бірлесе 30 нүктеге жаңа технологиямен 2 мақсатты антенна-мачталық діңгектерді орнату және оларға базалық станцияларды орнату жоспарға енгізілген.
Қаламыздағы қоғамдық орындарды тегін wi-fi желісімен қамтамасыз ету және қала тұрғындарына жайлы ортаны қалыптастыру мақсатында 2023 жылы 20 қоғамдық орынға 55 wi-fi құрылғылары орнатылған болатын. Ал ағымдағы жылы қосымша 5 қоғамдық орынға 15 wi-fi құрылғыларын орнатып, жалпы саны 70 wi-fi құрылғысы іске қосылмақ. Қазіргі таңда аталған құрылғыларды іске қосу үшін мемлекеттік ашық конкурс өткізіліп жатыр. Сонымен қатар, қала аумағында орналасқан 147 мектептегі интернетті 150 мб/сек-тан төмен емес жылдамдыққа көтеру жұмыстары атқарылды. Оның ішінде 100 мб/сек оқу процесіне бағытталса, 50 мб/сек бейнебақылау және СОС батырмаларына арналған. Ағымдағы жылы мектептердегі интернетті қашықтан бақылау, мектептердің ішкі байланыс желілерін жаңғыртудан өткізу және мектептердегі интернет желісіне жауапты бағдарламашы мамандарды қайта даярлау курсынан өткізу жұмыстары жүзеге асады.
Басқарма басшысының айтуынша, цифрлық трансформация бөлімі ақпараттық жүйелерді құру немесе дамыту кезінде стандартты шешімдерді пайдалана отырып, цифрлық шешімдерді енгізеді. Осылайша Шымкент қаласы әкімдігімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру бойынша бірнеше жұмыс атқарылды. Танымал қызметтердің бірі — өңірлік геоақпараттық жүйеде 12 қызмет түрі көрсетілуде, 2023 жылы жалпы 167 мемлекеттік қызмет түрі бойынша қызмет көрсетілсе, ағымдағы жылы 170 қызмет түрі бекітіліп, 2 қызмет түрі ҚР Білім және ғылым министірінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 158 бұйрығына сәйкес қағаз жүзінде белгіленгені анықталды және 6 жаңа мемлекеттік қызмет түрі қосылды. Аталған 170 мемлекеттік қызмет түрінен 6 мемлекеттік қызмет түрі автоматтандырылмаған. Ағымдағы жылы 2 мемлекеттік қызмет әкімдік тарапынан элекетронды форматқа көшетін болса, 1 қызмет түрі ӨГАЖ порталында пилотты түрде іске асырылды. Бүгінде санаториялық-курорттық жолдама жобасы пилотты түрде іске асырылды. Бұл жоба бойынша Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мен Цифрландыру басқармасы арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалып, «Денсаулық жағдайына байланысты зейнеткерлерді санаторий-курорттық көмек алу үшін кезекке қою» мемлекеттік қызметі ӨГӘЖ порталында автоматтандырылды. Аталған қызмет 2024 жылдың 3 қаңтарынан бастап қолданысқа еңгізілді.
Бұдан бөлек, қала аумағында барлығы 3177 бейнебақылау камерасы орнатылған. Атап айтқанда, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясында қиылыстарда 877 бейнебақылау камерасы мен қаланың желілік учаскелерінде 800 камера орнатылған. Ал қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жалпы бейнебақылаудың 1500 айналмалы камерасы жұмыс істейді. 2023 жылғы жоспар бойынша қала аумағына 1500 дана бейнебақылау камералары орнатылуы тиіс еді. Алайда Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 26.10.2023 жылғы шешімі негізінде Полиция департаменті мен бейнебақылау камерасын орнататын мердігер компания арасында жасалған шарт бойынша міндеттемелерін орындау тоқтатылды. 2024 жылғы жоспар бойынша қауіпсіздікті одан әрі дамыту мақсатында 1500 бейнебақылау камерасы орнатылады. Оның ішінде 975 жалпы бейнебақылау камерасы болса, 525-і — аппараттық бағдарламалық комплекс.
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен Цифрландыру басқармасы арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалып, «i-Kolik» қосымшасына балама ретінде «2ГИС» мобильді қосымшасына қаламыздағы қоғамдық көліктердің жүру бағытын анықтау мақсатында GPS трекерлерді байланыстыру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда, аталған мобильді қосымшада қоғамдық көліктердің бағыттарын қадағалауға мүмкіндіктер бар. Қосымшада тағы бір жоба іске асырылды. Нақтырағы, қазіргі уақытта жедел қызмет көрсету салаларының бірыңғай байланыс номерлері мен тиісті мекен-жайға қарасты бөлімдердің ақпаратын ұсынатын тармақ қолжетімді. Яғни аталған қызмет мобильді қосымшада көрсетіледі. Бұл ғана емес, 2024 жылы цифрлық трансформация саласы бойынша бірнеше бастамалар жоспарланып отыр.