«ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ – ПАРТИЯ НАЗАРЫНДА!»

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары! Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасын ерекше атап өту қажет. Соның арқасында еліміздің 8 аймағында 20 мыңнан астам адам қаржылық сауатын арттырды. Олардың көпшілігі – 10 және одан да көп несие алған адамдар. Бұл жоба аз уақытта өзінің тиімділігін көрсетті. Үкіметке «AMANAT» партиясымен бірлесіп, оның ауқымын кеңейтуді тапсырамын. «Қарызсыз қоғам» жобасының игілігін бүкіл еліміз көруі қажет» деген болатын. Осыған орай, партия мен Үкімет арасында бірлескен іс-шаралар басталып та кетті.

«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібектің айтуынша, биыл еліміздің барлық 20 өңірінде 200 мың адамды оқыту жоспарлануда. Сондай-ақ мектеп, колледж және жоғары оқу орнына арналған әдістемелік құралдар әзірленеді. Бұл шамамен 100 мың студент пен 450 мың оқушыны қаражатқа неғұрлым жауапты қарауға үйретуге мүмкіндік береді.

Айта кетейін, Үкіметтің бірлескен жобаны іске асыруда «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында қаржылық сауатты арттыру курсы бастау алғанын жеткіземін. Биылдың өзінде 750 мың отандасымыз қаражатты ұтымды басқарып, шығынды оңтайландыруды үйренеді. Халықтың қаржылық сауатын арттыруды көздейтін «Қарызсыз қоғам» жобасы жалғасуда. Мәселен, бүгін курстан өтуге тілек білдірген азаматтардың алғашқы легін оқыту жұмысы басталып отыр. Айта кетейік, былтыр жобаға 8 өңірдің тұрғындары ғана қатысуға мүмкіндігі болса, енді тұрғылықты жеріне қарамастан барлық ниет білдіруші оқуға жазыла алады. Осы аптада 6 мың адам оқыту курсынан өтеді.

Осы орайда, азаматтардың шамадан тыс несие алуы – өте өткір мәселе болып тұрғанын да айтып отырмыз. Қаламыздағы тұрғындардың көпшілігі несиеге батып қалғанын да жасыра алмаймын. Өйткені республика бойынша миллиондаған адам көмек пен қолдауға зәру болып отыр. Еліміздегі экономикалық белсенді халықтың 15%-дан көбінде 90 күннен астам уақыт төленбей келген несие берешегі бар екенін де анықталды.

Жоба сарапшылары әр азаматқа жеке-дара көмек көрсетеді. Ешқандай мәселе ескерусіз қалмайды. Атқарушы билік биыл қаржылық сауатты мектеп қабырғасынан бастап арттыруды қолға алатынын жеткізіп отыр. Сондай-ақ еліміздің барлық 20 өңірінде партиямыздың филиалдары жанынан «Қарызсыз қоғам» жобалық кеңселері ашылып жатыр. Онда кез-келген адам қаржылық және құқықтық мәселелер бойынша келелі кеңес ала алады. Бүгінде әрбір екінші қатысушының отбасындағы ортақ табысы 100 мың теңгеге де жетпейді. Сонымен қатар курстан өткен азаматтардың үштен бірінде екі немесе одан да көп несие бар. Қатысушылар арасында баласының несиесін төлеуге мәжбүр болған зейнеткерлер де кездесті. Жобаның негізгі мақсаты – адамдарға несие ауыртпашылығын жеңілдетуге көмектесу. Жалпы, былтыр 65 мыңнан астам отандасымыз қаржылық сауатын арттырды. Енді оны 750 мың адамға жеткізуді көздеп отырғанын тілге тиек етуде. Бұл өте құптарлық жағдай деп санаймын.

«Қарызсыз қоғамға» қатысушылардың 58%-ы – төрт немесе одан да көп бала тәрбиелеп отырған көпбалалы отбасылар. Айта кететін болсам, тұрғындар несиені жағдайы жақсы болғаннан алмайтыны белгілі. Бүгінгі таңда несие отбасындағы қарым-қатынасқа теріс әсер етіп жатқанын да білеміз. Сондықтан барша тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыру – партияның басты назарында екенін айтып өтейін.

Еске сала кетейік, «Қарызсыз қоғам» жобасы былтыр 2 мамырда қанатқақты режимде бастау алған болатын. Сарапшылардың дәрісінен бөлек, жобаға қатысушылар enbek.kz порталына тіркелу және ЖК ашудан бастап, соттан тыс банкроттықты сүйемелдеу және берешекті өтеу кестесін әзірлеуге дейінгі түрлі сұрақтар бойынша кеңес алады. Сондай-ақ оқыту барысында қатысушыларға заңгер көмегіне кепілдік беріледі. Олар әр қарыз алушының несие тарихын жеке зерттеп, қарыз жүктемесін жеңілдету бойынша кеңес береді.

Сондай-ақ «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалында «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында оқу курсы бастауына орай брифинг те өтті. БАҚ өкілдеріне арналған ресми жиында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Бахадыр Нарымбетов, Шымкент қаласы бойынша қаржы эксперті, ментор Мақпал Чеңгелбаева жобаның мақсаты мен міндеті жайлы кеңінен ақпарат ұсынды.

Курсқа жазылу үшін тұрғылықты жері бойынша «AMANAT» партиясының аудандық филиалына хабарласу қажет. Жобаға қатысушылар күндізгі форматта сауатын арттырып, бір топта 50 адамға дейін оқытылады. Дәрістің ұзақтығы – 5 жұмыс күні болып белгіленіп отыр. Оқу тегін екенін атап өту қажет.  Сондықтан баршаңызды белсенді түрде қатысуға шақырамын!

 

Қайрат Есенбекұлы ИМАШЕВ,

Шымкент қаласы мәслихатының депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының жетекшісі.