351 АЗАМАТ МҮГЕДЕКТІК САНАТЫНАН ТОЛЫҚ ОҢАЛТЫЛҒАН

Қазіргі таңда Шымкент қаласы бойынша зейнетақы мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны 230700 азаматты құрайды. Азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсетудің 13 түрі бойынша қызметтер көрсетілуде. Бұл туралы еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Бахтияр Өнербаев айтты.

Спикердің айтуынша, 2023 жылыдың 1 жартыжылдығында жаңадан тағайындалған зейнетақы мен жәрдемақылардың және қайта қаралған төлемдердің саны – 69302. Оның ішінде 39414 жаңадан тағайындалса, 29888 төлем қайта қаралған. Есеп беру кезеңінде 11 өтініш бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден және 332 мемлекеттік кепілдік төлеуден бас тартылды. Зейнетақылар мен жәрдемақыларды тағайындау Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жүзеге асырылып, есеп беру кезеңiнде мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерiн бұзу және заңсыз тағайындалған төлемдер жоқ. Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексінің нормаларын және Мемлекет басшысының жәрдемақы көлемін ұлғайту туралы тапсырмасын орындау мақсатында 2023 жылдың 1 шілдесінен мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың көлемін арттыру қарастырылған. Осыған байланысты, 2023 жылғы 1 шілдесінен Әлеуметтік Кодекске сәйкес, 64037 мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушының жәрдемақылары арттырылды.
Сонымен қатар 2023 жылғы шілде айындағы мәлімет бойынша Шымкент қаласында мүгедектігі бар 40597 адам тіркелген. Бұл қала тұрғындарының 3,3%-ын құрайды. Оның ішінде мүгедектігі бар 32899 ересек адам, 7698 бала мүгедектердің орталықтандырылған базасында есепке тұрады. Қала бойынша мүгедектігі бар ересек тұлғаларды ауру нозологиясы бойынша талдау төмендегі жағдайды көрсетіп отыр. Бірінші орында жүрек–қан тамыр аурулары бойынша мүгедек деп танылған адамдар – 6365, екінші орында психикалық аурулар бойынша мүгедектік – 4586 адамда, үшінші орында жарақаттар салдарынан болған мүгедектігі бар адамдар саны – 3756, төртінші орында жүйке жүйесінің ауруларымен мүгедектік алған – 3189 адам, бесінші орында көз ауруларынан болған мүгедектігі бар – 2732 адам тіркелген.
Мемлекет Басшысының Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің V отырысында берілген азаматтарға бір медициналық мекемеде оларға қажетті қызмет көрсетудің пилоттық жобасын іске асыру қажеттілігі туралы тапсырмасын орындау үшін «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» проактивті сырттай мемлекеттік қызмет көрсетудің пилоттық жобасы қабылданып, Шымкент қаласында пилотты проактивті сырттай куәландыру 2021 жылғы 1 қарашасынан бастап іске қосылды. Сәйкесінше, биылдың алғашқы жартыжылдығында Шымкент қаласының медициналық ұйымдары арқылы сырттай куәландыруға ЕХӘҚМ МОДҚ ақпараттық жүйесі арқылы бекітілген нозология бойынша 2886 науқасты жолдау қажет болатын. Алайда қазіргі таңда 1858 науқастың медициналық-сараптамалық құжаттары жолданған. Оның ішінде, 196 науқастың құжаттары дұрыс ресімделмей кері қайтарылып, 1662 науқастың құжаттары проактивті сырттай куәландыруға жолданған. МОДҚ АЖ-де сырттай және көзбе-көз 7005 науқас куәландырудан өтіп, оның ішінде сырттай куәландырылғандардың үлесі 23,7 пайызды құрайды. Республика бойынша көрсеткіш 24,7 пайыз шамасында. Проактивті сырттай куәландыру бойынша бірлескен бұйрыққа 2023 жылғы 12 сәуірінен бастап өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұл өзгерістер мен толықтырулар 2023 жылғы 12 мамырынан бастап күшіне енді. Аталған өзгерістер мен толықтырылуларға сәйкес қосымша 8 нозология бойынша науқастарға қосымша сырттай проактивті қызмет көрсетілуде.
2023 жылдың 6 айында МӘС бөлімдері жалпы 7008 адамға мемлекеттік қызмет көрсетті. Оның ішінде, 1582 адам алғашқы рет куәландырылған, 5426 адам қайта куәландырылған және 249 адам негізсіз жолданған. Алғаш куәландырылған қызмет алушылар арасынан 1458 адамға мүгедектік тағайындалған. Бұл көрсеткіш өткен жылдың есептік кезеңімен салыстырғанда 229 адамға төмендеген. Қала бойынша әр бір 10000 адамға шаққанда алғаш рет мүгедек деп танылған адамдардың интенсивті көрсеткіші 12,2 промильді құрап, орта республикалық көрсеткіштен дұрыс. Қазақстан Республикасы бойынша интенсивті көрсеткіш 14,2 промиль болып отыр. Қазіргі таңда 5426 адам қайта куәландыру процесінен өтті. Нәтижесінде мүгедек деп танылғаны – 4507, толық оңалтылғаны – 351, жартылай оңалтылған азаматтар саны 327 болса, күшейтілгендер саны — 256 адам. Барлық нысаналы көрсеткіштер өткен жылмен салыстырғанда және орта республикалық көрсеткіштермен салыстырғанда жақсарған.