ФИНЛЯНДИЯНЫҢ НАТО-ҒА КІРУІНЕ ТҮРКИЯ ҚАРСЫ ЕМЕС
Түркия парламенті Финляндияның НАТО-ға кіру туралы өтінішін мақұлдады. Финляндия әскери блокқа қосылу туралы өтінішіне 276 дауыс жинап, Анкараның ресми келісімін алды. Бейсенбі күні Түркия парламентінде болған дауыс беру нәтижесі бойынша, НАТО-ға мүше 30 мемлекеттің бәрі Финляндияның қосылуын ратификациялаған.
Финляндия мен Швеция НАТО құрамына қосылуға былтыр мамырда Украинадағы жанжал кезінде ресми өтініш берді. Бірақ НАТО-ға 70 жылдан астам уақыт мүше болып келе жатқан Түркия екі скандинавиялық елге Альянсқа қосылу шарты ретінде КЖП (Күрдістан жұмысшылар партиясы) мен Фетулла лаңкестік ұйымы (FETO) сынды лаңкестік топтарға қарсы нақты шара қолдануын сұрады. Маусымда Финляндия мен Швеция Анкара қауіпсіздік мәселелерін шешу үшін Түркиямен меморандумға қол қойды.
Содан бері үш елдің жоғары шенді дипломаттары мен ресми тұлғалары үшжақты келісімді талқылау үшін түрлі кездесулер өткізді. Былтыр қарашада Швеция Анкара Стокгольмнің НАТО-ға қосылу туралы өтінішін мақұлдай ма деген үмітпен антитеррорлық заң қабылдады. 1 маусымда күшіне енетін жаңа заң билік өкілдеріне лаңкестік топтарды қолдайтын тұлғаларды сот жүзінде бақылауға мүмкіндік береді. Осы айда Түркия Финляндияның НАТО-ға қосылу процесін парламентте мақұлдайтынын мәлімдеген болатын. Ресми Анкара пікірінше, Финляндия мүше болу үшін қажеттінің бәрін істеді, ал Швецияға әлі жұмыс істеу керек.