ЕКІ ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚ АШУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Шымкент қаласына қарасты Қаратау ауданында мемлекет басшысының өңдеу өнеркәсібінің экспортын 1,5 есеге көбейту тапсырмасына сәйкес, жаңадан 2 индустриалды аймақ ашу жұмыстары басталды. Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде Қаратау ауданының әкімі Рахымберді Мүлкеманов осы және ауданда атқарылған өзге де жұмыстар жайын айтып өтті.

«Биыл Қаратау ауданы аумағында «Халық қатысатын бюджет» шеңберінде 20 жоба іске асырылды. Нақтырақ айтқанда көгалдандыру, тротураларды жайластыру, пандустарды, арықтарды салу және жөндеу, ортақ пайдалану орындарын құру, жөндеу, жарықтандыру, бордюрларды, брусчаткаларды, тіреуіш қабырғаларды жөндеу, қоқыс тастайтын орындарды жою, ортақ пайдалану орындарында күркелер, орындықтар, урналар және балалардың ойнауы және ересек тұрғындардың демалуы үшін жабдықтар мен конструкциялар орнату және жөндеу. Аула аумақтарында және ортақ пайдалану орындарында спорттық балалар ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру іс-шаралары дауыс беруге шығарылады және іске асырылады. Ал 2023 жылы 25 жобаны жүзеге асыру жопарланып отыр» деді аудан әкімі.
Бұдан бөлек, ауданға биыл 40 млрд теңгені құрайтын инвестиция тарту тапсырылған болса, бүгінде оның 45 пайызы орындалған. 2023 жылдың соңына қарай аудан аумағындағы барлық елді мекендер сапалы ауыз сумен 100 пайыз қамтылса, биылғы жылдың соңында сапалы электр жарығымен қамту көрсеткіші 97 пайызды құрайтын болады. 2022 жылдың қорытындысымен елді мекендердің 90% табиғи газбен қамтылса, 2025 жылға дейін бұл көрсеткішті 100% жеткізу жоспарлануда..
Сонымен қатар «І-komek 109» ситуациялық орталығына жыл басынан аудан құзырына қарасты 585 өтініш келіп түскен. Оның 571-не жауап берілсе, 14 өтініш бойынша тұрғындармен кері байланыс орнатылып, тиісті жұмыс атқарылуда.