АЛАҢ ІРІ ҚАРА МАЛ БАСЫН АРТТЫРАДЫ
Сарыағашта ет өнімдеріне деген тапшылық болмауы керек. Жергілікті тұрғындардың ет өніміне деген сұранысын қанағаттандыру үшін 1000 басқа арналған мал бордақылау алаңы ашылды.
Жібек жолы елді мекенінде орналасқан алаң «Бес Қара» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиесілі. Аталған мал бордақылау алаңын ашу үшін 700 млн теңге инвестиция тартылған. Қазіргі таңда шаруа қожалығына 337 мал басы сатып алынған. Алдағы уақытта олардың санын мыңға жеткізу жоспарланған. Қожалық барлығы 15 адамды жұмыспен қамтып отыр. Жалпы Сарыағаш ауданында ағымдағы жылдың 10 айында ірі қара мал басы 58,3 мың басқа жеткен.