ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫНДАҒЫ КӨПҚАБАТТЫ ҮЙЛЕР ЖӨНДЕЛЕДІ

Биыл Шымкентте коммуналдық тұрғын үй қорындағы 10 көпқабатты тұрғын үйге ағымды жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осы мақсатта бюджеттен қаражат бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурстары жарияланды. Конкурста жеңімпаз мердігер компаниялар анықталған соң, олар жөндеу жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтайды деп жоспарлануда.

Ағымды жөндеуден өтетін үйлердің қатарында «Нұрсәт» шағын ауданында орналасқан №134А, 134Б, 135А, 135Б, 135В, 212, 216, 14 және Желтоқсан көшесіндегі №19, 19А үйлер бар. Жөндеу жұмыстары барысында бұл үйлердің шатыры жаңартылып, қасбеті әрленеді.
Коммуналдық тұрғын үй қорындағы үйлерге ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізудің мақсаты – ғимараттар мен инженерлік жабдықтар бөліктерінің мерзімінен бұрын тозуынан жүйелі және уақытында қорғау, қандай да бір бұзылудың алдын алу және ұсақ зақымданулар мен ақауларды жою болып табылады.