500-ГЕ ЖУЫҚ ЖҮРГІЗУШІ БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРЫЛДЫ
Осы аптада еліміздің Бас прокуратурасы алқа отырысын өткізді. Онда Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов жыл басынан бері атқарылған жұмыстарды баяндады.
Оның сөзінше жыл басынан бері 405 мың жұмыскердің пайдасына 3,4 млрд теңге жалақы берешегі өндірілген. Қоғамдық мүдделерді қорғау саласында мемлекеттік бюджетке 11 млрд теңгеден астам қаражат өтелген. Сонымен қатар, жыл басынан бері прокуратура жанынан құрылған мобильді топтар 70 мыңнан астам кәсіпкердің құқығын бұзудың жолын кесіп, 26 млн теңгеден астам сомаға 29 мың әкімшілік өндірістің күші жойылған.
Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлайды.
Хабарламада 473 жүргізуші мас күйінде көлік басқарғаны үшін бас бостандығынан айырылғаны көрсетілген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,5 есеге көп. Сонымен қатар жыл басынан бастап бүгінге дейін кәмелет жасына толмағандарға жыныстық зорлық-зомбылық көрсету ісі бойынша басынан іс қозғалған 113 педофил түзеу мекемелеріне қамалған.