«ҚЫЗЫЛЖАРДА» БЕС ШАҚЫРЫМ КӨШЕ ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ

Шымкенттегі «Қызылжар» шағынауданындағы жолдардың ұзындығы 57,9 шақырымды құрайды. Оның ішінде асфальт жол — 34,3 шақырым, тас жол — 20,4 шақырым, топырақ жол — 3,2 шақырымға жетеді. Тиісінше шағынауданға 10 бағыт бойынша қоғамдық көлік қатынайды.

Бүгінде аталған аудандағы бірқатар көшелерді орташа жөндеуден өткізу жұмыстары қолға алынды. Сонымен қатар С. Құртаев көшесінде шұңқырларды жамау жұмыстары жүргізілуде.
Құрылыс жұмыстарының барысын бақылау үшін қала әкімі Мұрат Әйтенов шағын аудандағы №10 көшедегі орташа жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Ұзындығы 0,8 шақырым көшені жөндеу жұмыстарына жауапты «АГАТ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Одан бөлек, қазіргі таңда 0,4 шақырым болатын Гаражная, 0,5 шақырымға жалғасқан Ақтансай, 1 шақырымға жететін Жусанды көшелерінде құрылыс жүргізілуде. 2021 жылы жалпы ұзындығы 5 шақырым көше жөндеуден өтеді.
Қазіргі таңда Арыстанды, Сұлусай, Арқалык, №25 көшелеріне бюджеттен қаржы қаралған. Мамыр айының соңына дейін мердігерлер анықталады.