ДӘРІГЕРЛЕРІ 1330 СӘБИДІ ҚҰТҚАРДЫ

Түркістан қаласында 7 айлық сәби киімнің темір сырмасын жұтып, қақалып қалған. Тынысы тарылып, тұншыға бастаған баланың ата-анасы дереу медициналық жедел-жәрдем қызметін шақыртқан.
Шақыртуға 9 минутта жеткен құтқару тобы шұғыл түрде іске кірісіп, сәбидің тамағынан бөгде затты шығарып алады. Бала жедел-жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізіліп, тиісті медициналық тексеру шаралары жүргізілді. Қазіргі таңда нәрестенің өміріне еш қауіп жоқ.
Түркістан облысы медициналық жедел-жәрдем стансасы қызметкерлерінің мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері олар бөгде затты жұтып қойып, өміріне қауіп төнген 1330 сәбиді құтқарған. 600-ге жуық ересек азаматтар да медицина қызметкерлерінің көмегіне жүгінген. Дәрігерлер осы орайда ата-аналарға балаларына мұқият болуларына кеңес береді.

Түркістан облысы
әкімінің баспасөз қызметі.