Өзбекстан мектептерінде жаңа жылдық кештерге тыйым салынды
Өзбекстан мектептерінде оқушылар қатысатын жаңа жылдық кештерді ұйымдастыруға тыйым салынды. Халық білімі министрінің орынбасары Дильшод Кенжаев қол қойған хат 11 желтоқсанда түскен.
Хатта мектептерде Жаңа жыл мерекесіне орай қандай да бір шара ұйымдастыруға, ата-аналардан ақша жинауға, мектеп залдары мен сыныптарды жасанды шыршамен безендіруге тыйым салынатыны айтылған.
Мұндай шара оқушылар денсаулығын коронавирус пандемиясы кезінде қорғау мақсатында қабылданған.
Министрлік хатында дәстүрлі «Президент шыршасы» «Болажон» және Yoshlar арналарында телемарафон форматында өтетіні айтылған.