ИІС СЕЗУДІҢ БҰЗЫЛУЫН ҚАЛАЙ ҚАЛЫПҚА КЕЛТІРЕМІЗ?

Коронавирусқа шалдыққан адамдар аурудан емделгеннен кейін де біраз уақыт бастапқы қалпына түсе алмайды. Індетке шалдыққан көп адамдар емнен айыққанмен ентігіп, жиі шаршап қалатыны анықталып жатыр.
Мамандар мұны постковидтік синдром деп атайды. Дәрігерлер коронавирустан кейінгі тағы бір синдромды хабарлап отыр. Ол аносмия деп аталады. Аносмия – иіс сезудің бұзылуы. Мамандар бұл жағымсыз симптом коронавирус инфекциясынан жазылған көп адамдарда байқалатынын алға тартады.
Иіс сезудің бұзылуының бірнеше түрі бар. Мысалы, иісті ішке тартқан кезде иіс сезудің төмендеуі немесе мүлде болмауы ортоназальды иіс сезу болып табылады. Ал ретроназальды иіс сезу тамақ жеу кезінде астың дәмін сезудің төмендеуі немесе мүлдем болмауы. Сонымен қатар дәм сезудің бұзылуы немесе мүлдем болмауы. Иіс сапасының бұзылуын паросмия деп атаса, парагевзияға дәм сапасының бұзылуы деген тұжырым берілген. Сондай-ақ, жоқ иісті сезуді фантосмия деп атайды.
Шымкент дәрігерлері адамдар жоғарыдағыдай жағдайға тап болғанда не істеу керек деген сұраққа мынадай мәслихат айтады.
Ең әуелі қандай да бір оқыс оқиғаны алдын алу үшін үйіңізге түтін мен газ детокторын орнатыңыз. Сонымен қатар күнделікті тұтынатын тағамыңыздың сақталу мерзімі мен сапасына мән беріңіз. Иіс сезуді қалыпқа келтіретін жаттығулар жасаңыз. Оның ең нәтижелі түрі раушан гүлін, сарымсақ, лимон мен жалбыз, эвкалипті үш ай немесе одан да көп уақыт бойына күніне үш рет 20 секундтан иіскеу қажет.