Теріскейде инфрақұрылымдық 15 жоба жүзеге асуда

Cозақ ауданында инфрақұрылымдық 15 жоба жүзеге асуда. «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы»шеңберінде атқарылатын жұмыстарға 291 млн. теңге бөлініп отыр. Атқарылмақ жұмыстың жүйелі жүргізілуіне арнайы топ мүшелері бақылау жасамақ.

 

Аталмыш 15 жобаға көшелерді жарықтандыру, абаттандыру жұмыстары, спорт саласы, ауыз сумен қамтамасыз ету және ауыл көшелерінің ағымдағы жөндеу жұмыстары кіреді. Бүгінде жүзеге асырылып жатқан жобаға аудан әкімдігінен құрылған арнайы мониторингтік топ бақылау жұмыстарын жүргізді.

Бұл Қызылкөл ауылына тартылып жатқан ауыз су құбыры. Мердігер мекеме «Собдис- Строй» ЖШС.  Ағымдағы жылдың мамыр айында басталған жөндеу жұмыстары тамыз айында аяқталуы тиіс. Алдағы уақытта аудан тұрғындары таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі.

Айта кетерлігі, конкурс нәтижесі бойынша анықталған жобалар бойынша  83 жаңа жұмыс орыны ашылған. 45 азамат жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмыс басты болып отыр. Барлығы жергілікті тұрғындар,-дейді Ақәділ Сатыбалды – Созақ ауданы әкімінің орынбасары. Жоба басында  «Собдис- Строй» ЖШС басшысының орынбасары Нұркен Бекайдаров  аудан орынбасарымен бірге жүрді.

 

Мақсат ҚАРҒАБАЙ.