ҚАЛАДА АПАТТЫ ЖӘНЕ ҮШ АУЫСЫМДЫ МЕКТЕП АЗАЯДЫ

Биыл Шымкентте 6000 орындық тоғыз мектеп пайдалануға беріледі. Оның ішінде 5 нысан жаңа мектеп болса, 3-уі қосымша құрылыс болып табылады. Ел игілігіне берілетін нысандар қатарында Бекет батыр-Ташенов көшелерінің қиылысында орналасқан өнер мектебі де бар.

 

Бұл нысандардың пайдалануға тапсырылған соң, қалада апатты мектептер саны 2-ден 1-ге, үш ауысымды мектептер саны 19-дан 14-ке азаяды.

Жалпы 2020 жылы қалада 13 білім нысанының құрылысы жүрсе, оның ішінде 4 мектеп құрылысы келер жылға өтпелі. Карантиндік шектеулерге қарамастан Шымкентте салынып жатқан әлеуметтік нысандар құрылысы кестеге сай жүргізілуде. Жалпы нысандардың құрылысына 620 жұмысшы жұмылдырылған.

Сонымен қатар Шымкент қаласының білім ұйымдарында ағымдағы жөндеу аяқталып, 15 мекемеде күрделі жөндеу, 17 мекемеде спорт алаңдары және 36 мектепке ішкі әжетхана орнатылып іске қосылды.