ТҮЛЕКТЕР ЖАЛҒЫЗБАСТЫ АНАҒА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ

Түркістан облысы, Шардара ауданы, Қоссейіт ауылдық округінде тұратын жалғызбасты төрт баланың анасы Есболатова Нұргүл Бекжанқызы 1983 жылы туған мектеп түлектерінің демеушілігімен баспаналы болды.

 

Айта кетерлігі, 1983 жылы туған мектеп бітіруші түлектер 20 жылдық кездесулерінде өздері туған ауыл тұрғынына қамқорлық жасап, көпбалалы анаға 3 бөлмелі тұрғын үйдің кілтін табыстады. Олар мектептен 2000 жылы түлеп ұшқан еді. Сондай-ақ, тұрмыстық техникаларды сыйға тартты. Игі шараға ауыл әкімі мен билері де мұрындық болған.

Қоссейіт ауылында жыл сайын ізгі іс жасау үрдіске айналып отыр. Ізгіліктің шапағатын көріп, өз үйінің табалдырығын аттаған Нұргүл Бекжанқызы көмек қолын созған барша азаматтарға алғыс білдірді.