Туристік бағыттағы баянды бетбұрыстар

 

Түркістан облысында туризм саласын дамыту үшін туристік нысандарға баратын жолдардың жағдайын жақсарту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Негізінен Төлеби ауданы туристер көп жиналатын демалыс орындары мол өлке қатарында.

 

2019-2020 жылдары Төлеби ауданындағы Бірінші Мамыр-Жаңажол елді мекендері арқылы «Сайрам-Өгем» ұлттық паркіне баратын облыстық маңызы бар КХ-112 автомобиль жолының 11 шақырымы орташа жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді. Аталған жол соңғы 15 жылда ешқандай жөндеуден өтпегендіктен жағдайы қанағатсыз болып келген. Қазіргі таңда Түркістан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысы бойынша мердігер мекеме «Бірлік» ЖШС-і тарапынан жол негізін арнайы техникамен нығыздау (ресайклерлеу) жұмыстары жүргізіліп, асфальт жабындысы толық жаңартылды.

Сонымен қатар, аталған жолдың бойында орналасқан Бірінші Мамыр және Жаңажол елді мекендерінде аяқжолдар төселіп, диодты жарықтандыру шамдары орнатылып, іске қосылды. Бұдан өзге жол таңбалары мен жаяу жүргінші өтпелері сызылып, 2 дана су өткізгіш құбыр ауыстырылды. Сондай-ақ, қауіпті аймақтарға көліктердің жылдамдығын баяулататын жол кедергілері орнатылды.

Жөндеуден өткен жол Төлеби ауданына оңтүстік аудандардан келетін демалушылар мен басқа да көлік жүргізушілері үшін өте қолайлы. Жол жүру уақыты біршама қысқарады. Осы бағыттағы келелі жөндеу жұмыстары алдағы уақытта жалғасатын болады.