СЫНАМАЛАР СОҢҒЫ ҮЛГЕДЕГІ АППАРАТТАРДА СЫНАЛАДЫ
Түркістан облысында туберкулез ауруына шалдыққандарды емдейтін ауруханада вирусологиялық зертхана ашылды. «Облыстық фтизиопульмонология орталығының» қабырғасында ашылған зертхана германиялық Xpert, БАК-ТЕК, БИОНЕР, Хайн-тест сынды соңғы үлгідегі аппараттармен жабдықталған. Мамандар бұл қондырғыларды пайдалану арқылы COVID-19 инфекциясын ерте анықтауға қол жеткізіп отыр.
Енді аталған зертханаға өңірдегі аудан, қалалардағы ауруханалардан алынған сынамалар жолданады. Сонымен қатар ауруханаға түскен науқастар да бірден коронавирус инфекциясына тексеруден өтетін болады. Бұл індеттен сақтану үшін емдеу мемесінде «Дезинфекциялау өткел» орнатылған. Бұдан бөлек, күнделікті науқастар мен барлық қызметкерлердің дене қызуы тексеріліп отырады.
Алдағы уақытта бұл ауруханада 16 төсек орынға арналған пульмонологиялық бөлімше ашу жоспарлануда. Қазіргі таңда ондағы дәрігерлер онлайн режимде диагностикалық кеңес беруді қолға алғанын айта кетейік.