«SMART TURKISTAN» ҚОСЫМШАСЫНЫҢ КӨМЕГІ КӨП

 

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында, «Smart City» тұжырымдамасы бойынша «Smart Turkistan» мобильдік қосымшасы іске қосылды.

 

Түркістан облысы тұрғындары мен қонақтары үшін жасалған бұл қосымша дер кезінде Сізге дұрыс бағыт берер бағдаршы болады. Әрі артық сабылмай, уақытыңызды үнемдеуге көмекші құралға айналады. Қосымша күнгей тұрғындарына қауіпсіздік, коммуналдық қызметтер, транспорт, туризм, денсаулық сақтау, білім беру, кәсіпкерлік саласы, жер қатынастары, мемлекеттік органдар басшыларының виртуалды қабылдауына тіркелуге мүмкіндік береді. Өңір тіршілігін қамтамасыз ететін түрлі салалар бойынша ақпараттар ұсынады. Сонымен қатар осы қосымша арқылы такси қызметіне тапсырыс беруге тағы болады. Және де облыс бойынша азық-түлік бағасының орташа бағасын да, тұрғылықты мекенжайыңыз бойынша учаскелік полицейіңіздің кім екенін де біле аласыз.

Қосымша Сізді қазіргі қиын жағдайды қалыптастырған коронавирус індеті бойынша соңғы әрі нақты ақпараттармен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, COVID-19 вирусын алдын алу туралы мазмұнды мәліметтер, облыс әкімдігі тарапынан жарияланған ескертпелерді де дер шағында назарыңызға ұсынады. Өз тарапыңыздан билікке айтар ұсыныс-пікірлеріңіз болса «Smart Turkistan» арқылы оны да жолдай аласыз.

Қазақ, орыс, ағылшын тілінде басқарылатын қосымша Android әрі Apple Store жүйелерінде қолжетімді.