ТҮРКІСТАНДА ӨТКЕН ҒАСЫРДАН СЫР ШЕРТЕТІН «ЭТНОАУЫЛ» БОЙ КӨТЕРДІ
Түркістан қаласында теңдесі жоқ «Этноауыл» бой көтерді. Кәрі тарихтағы қазақ ауылының бейнесін еске түсіріп қана қоймай, онымен бетпе бет келгендей әсер сыйлайтын «Этноауылдың» ашылуы 14-наурызға жоспарланып отыр.
Бірегей жоба Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай қолға алынған. «Этноауыл» іргесі киелі кенттегі Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің жанынан бой көтерген. Онда саз балшықтан көне ғасыр кейпіндегі үйлер, ағаштан құрастырылған қоршаулар, көпір мен өткелдер орнатылған. Мереке қарсаңында қала тұрғындары мен қонақтары «Этноауылды» аралап қана қоймай, сол дәуірдің асханаларынан дәм татып, шеберлер көшесі мен ертегілер мекені, сарбаздар ауылы және шығыс базарының үлгісін тамашалайтын болады.
Ендеше өткен мыңжылдықтан сыр шертетін «Этноауылды» көруге асығыңыздар.