ЖАТ АҒЫМДАРДАН САҚТАН, ЖАС ҰРПАҚ

 

Дәл осынлай атаумен Шымкенттегі Ақпан батыр атындағы №10 жалпы орта мектеп оқушыларына ақпараттық сағат өткізілді. Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасы ұйымдастырған шарада балаларға ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Онда оқушыларға теріс діни ағымдардың шырмауына түсіп қалудан сақ болу қажеттігі, олармен күресу, сақтану жолдары турасында бейнефильм көрсетіліп, баяндама оқылды. Баяндамада экстремизм мен терроризм терминдерінің мағынасы кең көлемде ашылды. Экстремизмнің түрлеріне тоқталып, өмірде болған оқиғалардан мысалдар келтірді.

Сондай-ақ осындай дестуркутивті ағымдардың ортасына тап болғанын саналы түрде білген жағдайда кімге, қайда хабарласу қажеттігі баса айтылды.