5 ГБ ӨЛШЕМДІ ФАЙЛ ТАЙВАНЬДА 8 МИНУТ, ҚАЗАҚСТАНДА 2,5 САҒАТТА ЖҮКТЕЛЕДІ

Ал алғашқы бестікке Тайвань, Cингапур, Джерси (Ла-Манш ағысындағы арал), Швеция және Дания елдері енген. Интернеті жылдам елдер тізімінде үздік жиырмалықта Жапония, Люксембург, Нидерланды, Швейцария, Норвегия, Андорра, Испания, Бельгия, АҚШ, Латвия, Жаңа Зеландия, Эстония, Гонконг, Венгрия және Литва мемлекеттері тұр. Көрші Ресей Федерациясы интернеті ең жылдам үздіктер сапына кірмегенмен, көрші ел бізден әлдеқайда көш ілгері келе жатыр.

WebsiteToolTeste компаниясы интернет жылдамдығы тез мемлекеттердің рейтингісін жариялады. Барлығы 207 елдегі интернет кеңістігінің жұмыс істеу қарқыны анықталған тізімде Қазақстан 113 орынды иеленген.

Бұл тізімде Ресей 53-орында тұр. Онда 5 ГБ өлшемді файлды жүктеу үшін 46 минут уақыт кетеді екен. Ал Қазақстанда мұндай өлшемдегі файлды интернеттен жүктеу үшін екі жарым сағатқа жуық уақыт жұмсалады. Интернет жылдамдығы ең жоғары Тайваньда өлшемі 5 ГБ құрайтын файлды жүктеуге небары 8 минут екі секунд уақыт кетеді.

С. НҰРАЙ.