ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ 30,6 ПАЙЫЗЫ СПОРТТЫ СЕРІК ЕТЕДІ

 

Өткен жылғы көрсеткіш бойынша қазақстандықтардың 30,6 пайызы жүйелі түрде спортпен шұғылданады. Бұл туралы Мәжіліс төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаева мәлімдеді.

 2014 жылдан бері қазақстандықтардың тұрақты түрде спортпен шұғылдануы 5 пайызға ғана өскен. Бұл бағытта оң динамика байқалғанмен, әлі де атқарылар жұмыстар жетерлік. «АҚШ, Жапония, Канада және тағы басқа Еуропа елдерінде халықтың 60 пайызы спортты серік етеді. Ал Ресей елінде бұл көрсеткіш 55 пайызды құрайды. Осы елдермен салыстырғанда Қазақстан әлдеқайда артта келе жатқанын аңғаруға болады»,- деді Мәжілістегі Үкімет сағатында Гүлмира Исимбаева.

Сонымен қатар ол, еліміздің көптеген ауылды жерлерінде спортты дамыту шаралары кенжелеп жатқанын тілге тиек етті. Депутат ауылды жерлерде спорттық саймандар мен құрал-жабдықтар жетіспеушілігі айқын сезілетінін алға тартып, бюджетті жоспарлау кезінде осы бағыттарға баса мән беру керектігін жеткізді.

С. НҰРАЙ.