ҚЫТАЙДА ЖАБАЙЫ АҢДАРДЫҢ ЕТІН ТАЛҒАЖАУ ЕТУГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНДЫ
Қытай билігі коронавирустың таралуына тосқауыл қою және елде осыған ұқсас індеттердің пайда болуын алдын алу мақсатында жабайы аңдардың саудасы мен олардың етін жеуге тыйым салды.
Елде коронавирус таралғаннан бастап жабайы аңдардың етін жеу адамдардың денсаулығы мен санитариясы үшін үлкен қауіп тудыратыны туралы тақырыптар интернет кеңістігінде, бұқаралық ақпарат құралдары мен қоғам арасында қызу талқыға түскен. Осылардың барлығын қаперге ала отырып, Қытайдың жабайы жануарларды қорғау қоғамы тұрғындарға арнайы үндеу жариялады. Аталған ұйым өз үндеуінде ел тұрғындарына «Жабайы жануарларды азық ретінде жеуді тоқтатайық және оларға еш жақындауға болмайды. Қажет болған жағдайда қауіпсіз аралықты сақтайық. Бұндай тыйым салынған жануарларды заңсыз саудалайтын базарлар және заңға қайшы әрекеттер байқалса, сол жердегі басқарушы немесе заң атқару орындарына дереу хабарлансын»,-делінген.
Осы ақпаратты таратқан «IRNA News» агенттігінің дерегінше бүгінде Қытай елінде 5 миллион адам жабайы аңдарды саудалаумен шұғылданатын көрінеді.
С. НҰРАЙ.