Елімізде қай министрлік мықты?

Бұл сұрақтың жауабын анықтау үшін жуырда қоғамдық мониторинг аясында ведомстволардың рейтингісі жасалды. Бұл туралы Atameken Business хабарлайды. 

Сонымен, жүргізілген әлеуметтік зерттеу нәтижесінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті алдыңғы қатарға шыққан. Бес балдық шкала бойынша аталған ведомства 4,99 балл жинаған. Екінші орынға 4,95 баллмен еліміздің индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жайғасқан. Сондай-ақ, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі кіл мықтылардың қатарында үшінші орынға тұрақтаған. Ал төртінші орында энергетика, бесінші орында Ұлттық банк тұр.
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің мәліметінше, қай министрліктің мықты екенін анықтау барысында жүргізілген зерттеу кезінде көбіне азаматтар, ведомствалардың кері байланыс орнатудағы сапасын, көрсетілетін қызметтерін, жеделдіктерін бағалаған. Алайда, халықтың мемлекеттік қызмет сапасына берген бағасы толық 5-ке жетпеген. Десе де, өткен жылға қарағанда бұл жақсы көрсеткішке баланып отыр.

С. НҰРАЙ.