«ЖОЛ БЕРІП – ӨМІР СЫЙЛА»

Дәл осындай ұранмен «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі бастамасымен акция өтті. Акцияны Түркістан облыстық полиция департаментінің және облыстық жедел-жәрдем станциясының мамандары бірлесіп жүргізді.

Шара барысында тәртіп сақшылары қала тұрғындарының шақыртуымен бара жатқан жедел жәрдем көліктерінің кептеліске түспей көмекке жүгінген адамға едел-жедел түрде жетуін қамтамасыз етті. «Жол беріп – өмір сыйла» атты акцияның мақсаты да осы. Яғни, облыс орталығындағы көлік жүргізушілерінің жол үстінде келе жатқан жедел жәрдем көліктерін бөгемей, керісінше оларды өткізіп, діттеген жеріне жетуіне мүмкіндік беру, жедел жәрдем көмегіне жүгінген адамның ахуалы маңызды екенін қоғамның терең түсінуіне ықпал ету болып табылады.
Мұндай шара алдағы уақытта Түркістан облысының өзге де аудан, қалаларында жалғасатын болады. Шараны ұйымдастырушылар облыс тұрғындары мен қонақтарын жол үстінде жедел жердәм көлігінің қозғалысына бөгет жасамай, оған жол беруге шақырып отыр.