ТІЛ БІЛГЕННІҢ ҰТАРЫ МОЛ

Шымкент қалалық білім басқармасының қолдауымен Жоғарғы Педагогикалық колледжі «Тіл дарын – 2020» аймақтық үш тілділік пәндер олимпиадасын өткізді.

Биыл 11-рет өткізілген бұл олимпиаданың ең басты ерекшелігі жүзден жүйрік шығып, бас жүлдені иемденген оқушының аталған білім орнында тегін оқуға жолдама алатындығы болып табылады. Сонымен қатар екінші орын алған оқушының 50, ал үшінші орынды қанағат тұтқан қатысушының 30 пайыздық жеңілдекпен білім алуға мүмкіндігі пайда болады.
Шараның мақсаты – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген жастардың жігерін жандырып, талабын шыңдау. Олардың тіл білудегі талант кемесінің қайырылмауына жол ашып, қанаттануына жағдай жасау. Олардың өзі қатарлас өзге жастарға үлгі болуына ықпал ету. Сондай-ақ, қазақ тілінің қолданыс аясын барынша кеңейту.
Оқушылардың тіл білудегі білімі сараланған бұл жарысқа қаладағы 80 мектептен 120 оқушы қатысуға тілек біддірген. Олимпиаданың шынайы әрі әділ өтуін «Шымкент қаласының әдістемелік орталығының» мамандары бақылады.
Айта кетейік Жоғарғы педагогикалық колледжінде бүгінде 1200 шәкірт білім алады.

Ж. АРМАНОВА.