ПЕКИНДЕГІ ЖАҢА ӘУЕЖАЙДЫҢ ӘЛЕУЕТІ ҚАНДАЙ?
Қытай астанасы Пекинде жылына 72 миллион жолаушыны қабылдауға қауқарлы Дасин әуежайы ашылды. Көлемі жағынан әлемдегі ең үлкен әуежай құрылысына бес жыл уақыт кеткен. Оған жұмсалған қаржы 63 миллиард АҚШ долларын құраған.
Бұл нысан жолаушыларды өткізу қабілетінің шектеулі болуынан, әуе рейстерінің кідіруі көп тіркелетін Пекиннің солтүстік-шығысындағы Capital әуежайындағы жүктеменің азаюына ықпал етеді.
Феникс түрінде салынған Дасин әуежайында 4 ұшу-қону жолағы бар. Сала мамандары келешекте ол бір жылда 100 миллион жолаушыны қабылдауға қауқарлы болады деп болжауда.
Жаңа әуежайда жолаушыларды көкке ұшыратын негізгі әуе компаниялары China Southern Airlines және China Eastern Airlines болмақ. Бұдан бөлек тағы 50 шетелдік компания өз бағыттарын дәл осы жаңа әуежайға көшіруді жоспарлап отыр.
С. НҰРАЙ.