АНАЛАРҒА АЙРЫҚША ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ
Рухани жаңғыру – ұлттық тәрбие бастауы. Ал сол тәрбиенің өзегі болып табылатын игі қасиеттер өне бойымызға ананық ақ сүтімен, әкенің қанымен даритыны анық. Сондықтан да аналарға деген құрмет
әрдайым алға шығуы қажет.
Осы мақсатта Қазығұрт аудандық мәслихатының депутаты Есболат Нышанбекұлы 50 батыр ананы Түркістан облысының орталығына сапарлатып қайтты.
Қазығұрт ауданының демографиялық өсіміне сүбелі үлес қосқан батыр аналар бұл сапар кезінде ең алдымен Отырардағы Арыстанбаб кесенесіне барып, зиярат жасады. Баба рухына арнап құран бағыштады. Содан соң, бірнеше ай бұрын облыс орталығы болған Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне тәу етіп, ондағы жәдігерлермен танысты.
Әлем халқы бір көруге асығатын Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне табан тіреген бұл батыр аналар Қазығұрттың Шанақ, Ақжар аудандарынан екенін айта кетейік. Өскелең ұрпаққа өнеге беретін әжелерге жасалған бұл құрмет өзгелерге үлгі боларлық іс емес пе?!