ЖАНДЫ КІТАП: ЖАНАРЫМ – ЖҮРЕГІМДЕ

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Жанды кітап» бағыты бойынша Созақ аудандық орталық кітапханасында « Жанды кітап: жанарым – жүрегімде» атты мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қатысуымен әдеби сұхбат өткізілді. Іс – шараға көзі көрмейтін және әлсіз көретін оқырмандарға қызмет көрсету нүктесінің оқырмандары , ауыл тұрғындары, жасөспірімдер, БАҚ өкілдері қатысты. Созақ аудандық соқырлар қоғамының төрағасы Т.Аққұлиев, оқырмандар Б.Боқаев, Б.Өмірханов, Қ. Дүйсебаев әдебиет және өнер жайлы ой – пікірлерін ортаға салды. Жас оқырмандар Д.Дәмен, Т.Әбілқасым, М.Жалал, Н.Сұлтан ән шырқап, жыр оқыды. С.Алексеева, Ә.Өсембаева, А.Сапарбаева орындаған ән – жырлар жиын шырайын аша түсті. Қасымызда осындай өмірден қағажу көрсе де мойымаған, өнер әлеміне , өмірге құштар жандар жүргендігін естен шығармай, олардың қоғамда қалыпты өмір сүруіне ықпал жасау – баршамыздың адами парызымыз, өмірі мен өнеріне қолдау көрсетуге тиіспіз. Бұлар – қоғамның айнасы.