БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ФОРУМЫ ӨТКІЗІЛДІ
Үстіміздегі жылдың 22-23 тамыз күндері Шымкент қаласында «Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратының бастамасымен бастауыш партия ұйымдарының аймақтық форумы өтті. Айта кетейік, 300-ден астам партия мүшелерінің басын қосқан форум елімізде алғаш рет өткізіліп отыр.
Аймақтық форумға партияның Хатшысы Тамара Қасымқызы Дүйсенова, «Нұр Отан» партиясы Орталық аппараты ұйымдастыру және аумақтармен жұмыс департаменті директорының орынбасары Сақтаған Кәкімбекұлы Сәдуақасов, сонымен қатар «Нұр Отан» партиясы Орталық аппараты ұйымдастыру және аймақтармен жұмыс департаментінің инспекторы Ермұхамед Нұрмаханбетұлы Жұмабек, «Нұр Отан» партиясы Орталық аппараты баспасөз қызметінің консультанты Берік Жаппарұлы Хасенов, «Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрмахан Миятұлы Жолдасов, «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Рахматоллаұлы Әбдірахымов, сондай-ақ партияның аймақтық филиалдары төрағаларының бірінші орынбасарлары, орынбасарлары, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, партия белсенділері қатысты. Алдын-ала жоспар бойынша, форумға орталық аппараты жауапты қызметкерлері, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары және Шымкент қаласынан ірі бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, аумақтық филиал төрағаларының орынбасарлары қатысады деп күтілген болатын. Партия жаңғыруының негізгі бастамасы болып табылатын жиынға аймақтық филиал өкілдері шынайы түрде белсенділік таныта отырып қатынасты.