СПОРТ – ЕЛ ЕҢСЕСІ, МЕМЛЕКЕТ МЕРЕЙІ


Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы аясында қала, ауылдардың тарихына, ел және өлкеге байланысты рухани құндылықтарды қала тұрғындары мен кітапхана оқырмандарына таныстыру мақсатында туған жерінің, туған өлкесінің көркеюіне өлшеусіз үлес қосып келе жатқан азаматтарға арнап Кентау қалалық орталық кітапхананың ғимаратында ашылған «Рухани жаңғыру» орталығында спорт күніне орай «Спорт – ел еңсесі, мемлекет мерейі» атты тақырыпта Кентау қаласының мақтанышы, Қазақстанға Еңбегі Сіңген Спорт шебері, әлем чемпионы Қанатбек Шағатаевпен қызықты кездесу кеші өтті.
Кездесу кешіне кітапхананың тұрақты оқырмандары, студент-жастар, тілшілер, арнайы шақырылған қонақтар, Кентау қалалық маслихат хатшысының міндетін атқарушы Садуов Талғат Нұралыұлы, Кентау қалалық маслихатының аппарат басшысы Басаров Арман Амангелдіұлы, Кентау қалалық маслихатының депутаты Тұрысбеков Мұқан Абдрахманұлы және ақын апамыз Жұпаркүл Бекшораевалар қатысты. Кездесу еркін әңгімелесу әдісінде болған соң, өте қызықты өтті. Оқырман-жастар өздерін қызықтыратын сұрақтарды қоя отырып, Қанатбек мырзадан қызықты әңгімелер тыңдап, көптеген мағлұматтар алды. Қанатбек Шағатаевтың жеңіске қалай қол жеткізгені туралы, ол үшін үлкен еңбек еткені жайлы қызықты әңгіме өрбіді. Сонымен қатар Кентау колледжінің ұстазы Абдуллаев Мәлік: «Бүгінгі күн, ертеңгі тарих» дегендей, келер ұрпақтың санасына осындай тұлғаларымыздың біздің Кентау қаласында тұратындығын айтып, мақтан тұтарлықтай азаматтардың бар екендігін санасына қалыптастыру керектігін,- айтып өтті. Жастар және жиналған қауым Қанатбек мырзаға ырзашылықтарын білдіріп, үлкен табыстар