ҚАЙЫРЫМДЫ ЖАНДАР МАРАПАТТАЛДЫ

Азаттық ауылындағы Мәдениет үйінде «Жомарт жүрек» номинациясы бойынша арнайы сыйлыққа ие болғандарды марапаттау рәсімі болып өтті. Іс шараның мақсаты — халықты, кәсіпкерлерді, меценаттарды, үкіметтік емес ұйымдар мен волонтерларды ынталандыру, қайырымдылық, мейірбандық идеяларын танымал ету. Марапаттау рәсімінде аудан әкімінің орынбасары А.Жабағы сөз сөйлеп, марапат иелерін осынау тамаша жетістіктерімен шын жүректен құттықтады. Сонымен жағдайы төмен отбасыларға, көп балалы отбасыларға тұрақты түрде азық-түлік тарату жұмысын ұйымдастырғаны және Түлкібас поселкесінің көркеюі үшін абаттандыру жұмыстарына тұрақты түрде демеушілік көрсеткені үшін «Жыл меценаты» номинациясы бойынша Нұржан Сейсембаев, «Туған өлке» номинациясы бойынша Шұқырбұлақ ауылының жастарына кіші футбол алаңшасын салып берген Қуанышбек Қоқанбаев, Шақпақ ауылдық округінің аз қамтамасыз етілген отбасыларына, ауылдың көркеюіне еңбек сіңіргені үшін Төребек Бергеев, «Жыл тұлғасы» номинациясы бойынша Жабағылы ауылдық округінің әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына қаржылай көмек көрсеткені үшін Нұрғали Мылтықбаев, «Жылдың үздік ұйымы» номинациясы бойынша Түлкібас поселкесін абаттандыру жұмыстарына үлес қосып келе жатқан «Түлкібас әк зауыты» ЖШС-інің директоры Қасқырбек Әбдібеков, сондай-ақ, Ермек Батырбеков, Ордабек Байсеріков, Нұржамал Қырғызәлиева, Ниязбек Сауытбеков, Ислам Жолбасқановтар үздік деп танылып, сыйлықтарға ие болды. Марапат иелерінің құрметіне аудандық мәдениет қызметкерлері арнайы концерттік бағдарлама дайындап, осында келгендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.