АПТАЛЫҚ МӘЖІЛІСТЕ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгінгі қала басшысы Ә.Өсербаевтың төрағалығымен өткен қалалық әкімдіктің кезекті апталық мәжілісінде Түркістан қаласының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасының 2018 жылдың 7 айға болжамды орындалуы және қаладағы жер түгендеу мәселесі бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысы туралы бөлім басшылары З.Бимбетова мен А.Абдикадиров баяндады.
Күн тәртібіндегі кезек күттірмейтін өзекті мәселелердің бірі — қала көшелері бойындағы заңсыз құрылыстар мен қызыл сызықта орналасқан нысандар бойынша жүргізілген шаралар және жаңа статусқа сай қаланың келбетін қалыптастыру туралы кеңірек талқыланды.
Сонымен қатар мәжіліс барысында қала басшысы облыс орталығы Түркістан шаһарында өтетін ауқымды шараларға қатысты тиісті бөлімдерге нақты тапсырмалар беріп, алдағы уақытта облыстық көлемдегі барлық іс-шаралар мен жоспарлы жұмыстардың шаһарда өткізілетіндігі және осы шаралардың өз деңгейінде өтуіне бір кісідей атсалысып, Түркістанның бүгіні мен келешегі үшін талапқа сай жұмыс жасауды тағы да нақтылады.