«ЕР ТҮРІКТІҢ БЕСІГІ – РУХАНИ ЖАҢҒЫРҒАН ТҮРКІСТАН»

8- тамыз күні еліміздегі діни тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттің зайырлы қағидаларын нығайту, деструктивті діни ұйымдардың алдын алу мақсатында облыстық жергілікті ақпараттық-насихат топтары (ЖАНТ) мүшелерінің біліктілігін көтеру мен діни экстремизмді насихаттаудың алдын алу, әсіресе интернет пен әлеуметтік желіде сақтану шараларын жетілдіру және қоғамда кереғар ағымдарға қарсы тұратын бірыңғай иммунитет қалыптастыру мақсатында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркістан облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Ер түріктің бесігі- рухани жаңғырған Түркістан» атты семинар өтті. Семинарға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібеков, ҚМДБ-ның төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфтиі, Түркістан қаласы бойынша кеңсе басшысы Наурызбай Өтпенов қажы, Облыстық дін істер басқармасының бөлім басшысы Б.Жалмұрзаев, Түркістан қаласының әкімі Ә.Өсербаев және Дінтанушы-ғалым профессор Д.Кенжетай қатысып, тақырып аясында көптеген пікірлер айтылды. Сонымен қатар бұл жиынға ҚМДБ-ға қарасты Жамбыл облысы, Қызылорда және Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің қала, аудан имамдары, үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері мен БАҚ өкілдері қатысты.