АЛТЫН БАҒАСЫ ҚЫМБАТТАДЫ

Қазақстанда алтынның бағасы өсті. Ұлттық банктің мәліметінше, 8 қазан күні таңертең бір грамм металдың құны 60 629,16 теңге болды. Ал бір апта бұрын ол 59 371,25 теңге болған, яғни жеті күнде грамм алтын 1257,91 теңгеге қымбаттаған.
Әлемдік нарықта да ахуал жақсарып келеді. Доллар әлсіреген соң алтын екі айдағы ең төмен деңгейіне дейін түсіп кетіп еді, енді баға қайта көтеріле бастады. Спот нарығында бір трой унциясы 0,5%-ға өсіп, 4132,66 долларға жетті. Бұл туралы Reuters басылымы жазды. АҚШ-та желтоқсан айына арналған фьючерстер де 0,4%-ға көтеріліп, унциясы 4157,60 доллар болды. Бағаның өсуіне доллардың құнсыздануы әсер етті. Ол әлсірегенде басқа валютамен сатып алатындарға алтын арзанырақ көрінеді, сондықтан сұраныс артады.




