МЕКТЕП АСХАНАСЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ПЕН САПА ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №26 Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясында оқу жылының басынан бастап оқушыларды ыстық тамақпен қамту ісі жүйелі түрде жолға қойылған. Мектеп асханасында ұйымдастырылған бұл жұмыс білім беру мекемесіндегі балалардың денсаулығын сақтау мен оқу үдерісіндегі тиімділікті арттырудың маңызды бөлігіне айналып отыр.

Қазіргі таңда мектеп асханаларының қызметі тек тамақтандырумен шектелмейді. Олар оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыруға, дұрыс тамақтану мәдениетін үйретуге ықпал ететін әлеуметтік орта болып отыр. №26 мектеп-гимназиясының асханасында бұл бағыттағы жұмыстардың жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны байқалады. Оқу жылы басталғалы асхана қызметкерлері өз міндеттерін жауапкершілікпен атқарып, балаларға сапалы әрі құнарлы тағам ұсынуда. Асханадағы санитариялық тазалық пен тағам сапасына ерекше назар аударылады. Бұл ретте бракераж комиссиясы айына екі рет тексеру жүргізіп, санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын бақылауда ұстайды. Комиссияның тұрақты бақылауы – мектеп ұжымының балалар денсаулығына бейжай қарамай, әрбір тағамның қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз етуге бағытталған нақты шаралардың нәтижесі. Мектеп медбикесі Ж.Сапарбаеваның күн сайын таңертең асхананы тексеріп, жеткізілетін тағам өнімдерінің сапасын және сақтау мерзімдерін қатаң қадағалауы – жүйелі жұмыстың тағы бір айғағы. Бұл тәжірибе мектеп асханасында балалардың денсаулығына қауіп төндірмейтін орта қалыптастыруға мүмкіндік береді. Әрбір өнімнің сапасы мен сақтау жағдайының талапқа сай болуы – дұрыс тамақтанудың негізгі кепілі.
Оқушылардың үзіліс уақытында уақтылы тамақтануы да мектептің ұйымдастыру деңгейін көрсетеді. Белгіленген уақытта әр сынып өз кезегімен асханаға келіп, ыстық тамақ ішеді. Мұндай тәртіп балалардың күн тәртібін сақтауына, сабақты жақсы меңгеруіне және денсаулығын нығайтуына оң әсерін тигізеді. Бүгінгі таңда оқушылардың дұрыс және теңгерімді тамақтануы – білім беру саласындағы өзекті мәселелердің бірі. Себебі баланың күнделікті рационы оның физикалық дамуына, зейін қою қабілетіне және оқу үлгеріміне тікелей әсер етеді. Осы тұрғыда №26 Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясының тәжірибесі оқушылардың тамақтану сапасын арттыру бағытындағы үлгілі іс деп айтуға болады. Мектеп асханасындағы жұмыс жүйелі түрде бақыланып, жетілдіріліп отыруы білім беру ұйымының жоғары жауапкершілікпен жұмыс істейтінін дәлелдейді. Мұндай жүйе тек санитарлық талаптардың орындалуын ғана емес, оқушылардың мектеп өміріндегі қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Жалпы №26 мектеп-гимназиясының асханасындағы ұйымдастырылған жұмыс – білім беру жүйесіндегі денсаулық сақтау мен тәрбиенің өзара байланысын айқын көрсететін үлгі. Балаларды сапалы әрі уақытылы ыстық тамақпен қамту – олардың денсаулығы мен оқу жетістіктерінің кепілі. Мектеп ұжымы мен медициналық қызметкерлердің бірлескен еңбегі арқылы жүзеге асқан бұл жүйе оқушыларға қамқорлықтың, ұқыптылық пен жауапкершіліктің жарқын көрінісі болып отыр.