МҰРАТ ЖОЛДЫХОЖАЕВҚА ЖАУАПТЫ МІНДЕТ ЖҮКТЕЛДІ

Қазақстан Республикасы Ауыр атлетика федерациясының президенті Гаджи Шапиұлы Гаджиевтің бұйрығымен Жолдыхожаев Мұрат Жаңабайұлы Қазақстан Республикасы Ауыр атлетика федерациясының Өңірлік даму және жарыстар өткізу жөніндегі вице-президенті болып тағайындалды.

Жолдыхожаев Мұрат Жаңабайұлы — Шымкент қаласы мәслихатының VII, VIII шақырылымдарының депутаты, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы. «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградасымен және «Халық Құрметі» орденімен марапатталған. 2024 жылдың желтоқсан айынан бастап Мұрат Жаңабайұлы — Шымкент қаласы ауыр атлетика федерациясының президенті. Енді халық қалаулысының жұмысы одан да қауырт бола түспек. Өйткені жаңа қызмет жауапты міндеттерді жүктейтіні анық.
Қош, ендеше Мұрат Жаңабайұлына басылым редакциясы тарапынан жаңа қызметте табыс тілейміз! Жетістік мол, жеңіс көп болсын!

«Уақыт».