ТӘЖІКСТАНДЫҚ МАМАНДАР ШЫМКЕНТТЕ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

Медицина саласын дамыту — қоғам үшін ең өзекті әрі маңызды мәселелердің бірі. Қазіргі заманғы ғылым мен технологияның дамуы арқасында медицина саласында көптеген жетістіктерге қол жеткізілді, алайда бұл саланы одан әрі жетілдіру қажеттілігі артып келеді. Медицина саласының дамуы халықтың өмір сүру сапасын жақсартып, денсаулық сақтауды тиімді ету үшін аса маңызды. Осы орайда, Шымкент қаласында аталған бағытта бірқатар ауқымды бастамалар көтеріліп, сәтті жүзеге асып келеді. Нәтиже де жоқ емес. Бүгінгі материалымызда аталған тақырып турасында тарқата баяндамақпыз…

Тәжікстандық мамандар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өкілдерімен бірге Шымкенттегі медицина ұйымдары мен мектептердегі егу қабинеттерінің жұмыстарымен танысып, адам папилома вирусына қарсы вакцинацияны енгізу бойынша тәжірибе жинақтады. «Бірінші кезекте сіздердің жылы қабылдағандарыңыз үшін алғыс айтқым келеді. Иммундау күнтізбесінде жаңа вакциналарды қолдану халық арасында көптеген сұрақтар туғызады. Біз мұнда әріптестеріміздің тәжірибесін қабылдау және осы вакцинацияны елімізде енгізу үшін келдік. Тәжікстан Республикасында 2025 жылдан бастап адам папилома вирусына қарсы вакцина қолға алынады. Біз қазір дайындық үстіндеміз» дейді Тәжікстандағы иммунопрофилактика орталығының бас директоры Файзали Барот.
Үшінші мегаполисте адам папиллома вирусына қарсы вакцинациялау жалғасуда. Жоспарланған екпе алуы тиіс. Бүгінде жасөспірім қыздардың 50 пайыздан астамы вакцинамен қамтылды. Бұл көрсеткіш бойынша қала республикада алдыңғы қатарда. Вакцина алғандардың қатырында жағымсыз жағдайлар тіркелмеген. Тәжірибе алмасу жұмыстары Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Денсаулық сақтау министрлігі, Денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің ұйымдастыруымен өтті.